Армения парламенті 1 наурыздағы оқиғаларды сылтау етіп митингтер мен шерулер ұйымдастыру тәртібін қатайтты

Заң жобасын депутаттарға таныстырған Армения Республикасы Ұлттық жиналысының республикалық фракциясының мүшесі Рафик Петросянның мәлімдеуінше, "1 наурыздағы оқиғалардан кейін ережелердің олқылығы анықталғандықтан, осы ережелерді жетілдіру үшін қолданыстағы заңды қайта қарау бастамасының қажеттігі туындады". Еске сала кетейік, бұл күні 19 ақпанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспеген ереуілшілер мен құқық қорғаушылар арасында ауқымды қақтығыстар туындады. Ереванда 2008 жылдың 1 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді.

Егер бұрын митинг немесе шеру өткізу жоспарланғаны туралы мемлекеттік органды хабарландырса жеткілікті болса, қазір шара болардан 5 күн бұрын өтінім жолдап, ресми рұқсат алу керек. Олай болмаған күнде жалпыхалықтық шара рұқсатсыз шара деп танылып, соған сәйкес залал-зардаптарға алып келмек.

Бұл өзгерістерге парламеттік 5 фракцияның 4-і қолдады. Армня парламентіндегі жалғыз оппозициялық "Наследие" фракциясының небәрі 6 депутаты қарсы шықты. Оппозицияның пікірінше, бұл өзгерістер азаматтардың жиналыстар мен демонстрациялар өткізу еркіндігі туралы құқығын бұзады және олар 21 наурызда мерзімі аяқталатын төтенше жағдай режимінен кейін бұқара тарапынан қоғамдық қарсылық білдіру мүмкіндігінің алдын алуға бағытталып отыр.