Армения Республикасының президенті қарашаның басында елімізге келеді

Сапар аясында ел басшылығымен саяси келіссөздер жүргізу, экономика және консулдық салалардағы екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ Қазақстан мен Армения іскер топтары өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге , 5 - 6 қарашада Астана қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде қазақстан-армян комиссиясының екінші мәжілісі болып өтеді. Комиссияның қазақстандық тараптан тең төрағасы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Онжанов, армян тарапынан тең төрағасы АР Ауылшаруашылық министрінің бірінші орынбасары С.Аветисян қатысады.

Мәжіліс барысында сауда-экономикалық, инвестиция, транспорт, инновация, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті