Тамыздың 31-іне дейін жалғасатын шара барысында армян көрермендеріне қазақстандық режиссерлердің үздік бес фильмі көрсетілетін болады. Олардың ішінде «Көшпенділер», «Балалық шағымның аспаны», «Жерұйық», «Кімсіз, Ка мырза?» және «Жаужүрек - мың бала» кинокартиналары бар.
Армениядағы «Қазақстан киносының күндері» екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың 20 жылдығына орай өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылары - Армениядағы Қазақстан елшілігі, «Қазақфильм» киностудиясы және Арменияның Ұлттық киноорталығы.