Арменияда Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының әскери -экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясының бесінші отырысы өтеді

"Комиссия ҰҚШҰ мүше мемлекеттерді ресейлік талаптармен қамтамасыз етудің тәртібі мен ҰҚШҰ аясында әскери өнімдер өндірісіне қатысатын арнайы кәсіпорындар мен ұйымдардың жоба келісімдерін сақтап қарастыруды жаспарлауда", - деп хабарлады ҰҚШҰ ӘЭЫМК хатшысы Валерий Фалеторов.

"Комиссия отырысы алдында ҰҚШҰ ӘЭЫМК төрағасы жанындағы сарапшылар тобы кездесіп, комиссияда қаралатын мәселелер бойынша шығарылатын шешімдерді дайындап, құжаттар тізімі келісіледі. Сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының әскери -экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткізіледі", - деп анықтады ҰҚШҰ ӘЭЫМК хатшысы.

В. Фалеторовтың айтуынша, әскери -экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының іскерлік кеңесінің құрамына ұйымға мүше мемлекеттердің ірі әскери кәсіпорындары кешендерінің жетекшілері кірген. Кеңестің бірінші отырысы әскери экономикалық ынтымақтастығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолындағы маңызды қадам болады. "Бұл әскери экономикалық ықтымақтастық саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін және әскери экономикалық ынтымақтастық мақсаттарды жүзеге асыру жұмыстарына қатысып, қорғаныс өндірістік кешенінде мүддесі бар өндірістік және қаржы өкілдерін тартуға мүмкіндік береді ", -деп атап өтті ҰҚШҰ ӘЭЫМК хатшысы.

ӘЭЫМК ҰҚШҰ 2015 жылға дейінгі мемлекеттердің әскери -экономикалық бағдарламаға қатысты ұсыныстары, ұйымға мүше мемлекеттерге қажетті өнімдердің мемлекетаралық тізім жүйесін құру мәселесі қарастырылып, сондай-ақ ҰҚШҰ форматында әскери мақсаттарға арналған өнімдерді дайындап шығару жөніндегі бірлескен кәсіпорындарын құру жөнінде ұсынысы талқыланады.

Сонымен бірге, ҰҚШҰ аясында жарнама көрмелік қызметінің бас операторын тағайындау және жарнама-көрме мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесін құру мәселесі талқыланады. Отырысқа қатысушылары сондай-ақ, әскери экономикалық ынтымақтастық саласындағы ҰҚШҰ мүше мемлекеттер қызметінің жарнама көрмелік тұжырымдамасы мен үйлестіру кеңесі жөніндегі ережесінің жобасын қарастырып, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс-өндірістік кешендері кәсіпорындарының Мәскеуде өтетін " ХӘҚС-2008" III Халықаралық әскери техника мен қаруландыру салонына қатысу жөніндегі мәселені талқылайды.

"Бұл құжаттар комиссияның жұмысын ұйымдастыру және ӘЭЫМК қызметінің нормативтік құқықтық базасын құрудың негізгі құралы болып табылады", -деп атап өтті В. Фалеторов.

ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағанындай, әскери -экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен 2005 жылдың 23 маусым айында құрылды. Комиссияның негізгі қызметі-ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің әскери экономикалық ынтымақтастығының көп жақтылығын бірқатар басым бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналған. Оның ішінде әскери -экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасын дайындап оны жүзеге асыру, әскери мақсаттарға арналған өнімдір өндірісін біріктіріп, қосалқы бөлшектер мен өнімдерді сақтау, әскери мақсаттарға арналған өнімдерді жаңарту, конструкторлық және ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп өткізу жөніндегі ұсыныстарын дайындау.