Арменияның министрлер кабинеті Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісім жобасын мақұлдады

«Армения келісімшарт күшіне енген сәттен бастап ЕАЭО толық құқылы мүшесі атанады», - деді Қаржы министрі Сурен Караян.

Премьер-министр Овик Абраамян министрліктер мен ведомстволарға Армения жағы әзірлеген келісімшарттың түпнұсқаға сәйкестігін тексеру үшін үш күн мұрсат берді.

Құжатқа қазанның оны күні Минскіде қол қойылады деп күтілуде.