Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Армян автокөліктері Армения мемлекеті 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіргеннен кейін жеткізіле бастағанын бәрі біледі. Бұған себеп - 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған көшу кезеңі салдарынан болған бағалардағы айырмашылық. Арменияға автомобильдерді өз міндетіне импорттауды жалғастыруға бес жыл уақыт берілді - бұл біздің елдер арасындағы шекара жақындығы және жоғары салықтар мен төлемдерді ескергенде бағада айырмашылық тудырды. Біздің елдің азаматтары сол елдің көліктерін импорттай бастады, алғашқыда аз болғанымен, 2019 жылы белсенді импорт басталды (2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 20%, екінші жартысында 70% көлік әкелінген), - деп жазды ол.
Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, мұндай ағымға тек ауысу кезеңінің аяқталуы ғана емес, сонымен қатар, армян шенеуніктерінің заңбұзушылығы да әсер еткен.
Негізі уақытша тұрып жатқандар (тұрғылықты жері бар адамдардан басқа) атына техникалық паспорт рәсімдеуге болмайды. Алайда, Арменияда біреулер егер адам қонақ үй немесе үйде тұрғаны туралы анықтама алса, оған техникалық паспорт рәсімдеуге болады, деп шешкен. Заңсыз болса да, бір басталып еді, соңына жете алмай қалды. Айта кету керек, мұндай жағдай Ресейде де, Қырғызстанда да болмаған, бұл мемлекеттерден де көптеген көлік әкелінген еді. Көліктерді әкелуге әсер еткен тағы бір жайт - барлық шетелдік автокөліктердің кіруіне рұқсат етілуі. Тек олар қайта кіру үшін бір жылдан кейін кемінде бір айға шығуы керек болатын. Кейбір көлік иелері «көлікті алдымен алып кетейін, қалғанын сосын көреміз, болмай жатса, құжаттарын сатып аламыз», деп ойлады (мұндай хабарландырулар болған еді, әлі де бар). Сондай-ақ, келісімге келмеу жағы да әсер етті. Мысалы, шекаралық бақылау тек кіру/шығу, құжаттардың болуын тіркейді, ал, экспортты бақылау импорт, экспортты қадағалайтын бөлек құрылым болып есептеледі. Бұл мәселеге кадр тапшылығы да қосылды, - дейді экономист.
Оның мәлімдеуінше, Қазақстанның 14 мың азаматына (оның ішінде 11 мыңы өз атына тек бір ғана техпаспорт рәсімдеген) рәсімделген 22 мың автокөлік енгізілен (оның 15% оң жақ рөлдегі көліктер).
Біреулер көлікті тек өзі үшін әкелді, біреулер ағасы, досына арнап алды, енді біреулер 50-100 көлік әкеліп, бизнес жасады (бірақ ондайлар аз). Сонымен қатар, техникалық паспорт Армения азаматтары атына рәсімделген армян көліктері де бар. Бірақ олар қазір Ресей және Қырғызстан автокөліктерімен бірдей жағдайда – яғни, олардың барлығы халықаралық қозғалыстар қатысушылары санатында. Оларға қатысты статистикадан хабарым жоқ. Елге әкелінген автокөліктердің бірқатары $500-1500 доллар шамасында, көліктердің аз бөлігі ғана қымбат көліктер, себебі, адамдардың көпшілігі үшін салықтар мен төлемдер тым қымбат (автокөлік бағасы барлық салық және төлем мөлшерінің 10% құрайды). Бұл арада нотариустар да қателесті - шетелдік мүлік бойынша мәміле жасауға құқығы болмаса да, олар техникалық паспорт негізінде сенімхат рәсімдеген. Ақыр соңында, адамдар өздерінің әрекетін дұрыс деп санап, автокөлік заңды түрде оларға тиесілі, тек мемлекет тұрақты тіркеуге мүмкіндік берместен, салық жинағысы келеді, деп ойлады, - дейді Құдайбергенов.
Олжас Құдайбергенов армян автокөліктері мәселесіне ресейлік кейбір көлік иелері де араласқанын айтты.
Армян автокөлік иелерінің мәселесіне кейбір ресейлік автокөлік иелері де қосылды, дәлірек айтқанда, бұл мәселеде бизнес жасаған адамдар. Дәл осы жерде ерекше нюанс бар-ресейлік машиналардың бір бөлігі шетелдік машиналар ретінде заңды түрде әкелінген және олар жыл сайын бір айға шығады, ал машиналардың бір бөлігі контрабандалық болып есептеледі: көліктер Жапониядан Владивостокқа әкелінеді, сол жерде құрастырылады, содан кейін нақты бір ресейлік машинаның кодын қоя отырып, нөмірін қайта қояды, осылайша, кеден қызметінен өткізілгендей ҚР сатады. Іс жүзінде бұл ресейлік машиналар Ресейде де, Қазақстанда да заңсыз, екі вин-кодқа ие және олардың жалғыз ұқсастығы - бұл қылмыстық тергеу. Бұл ретте адал сатып алушыларда автокөлікті жария етудің бір ғана тәсілі бар - сатушыны сотқа беру, ал егер оны таппаса, онда сот шешімімен барлық салықтарын төлеп барып, көлікті өз атына аудара алады. Ол көліктерді тіпті, Ресейге қайта сата да алмайды, тек бұл жолда да тағы біреуді алдап сатпаса, - дейді ол.
Кейбір ресейлік автокөлік иелері армян көліктері мәселесін өз көліктерін армян автокөліктерінде вин-код болмаса да заңдастыру мақсатында пайдаланды.
Бірақ жартыжылдық жұмыс машиналардың 85%-на қолайлы жұмыс шешімін табуға мүмкіндік берді. 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген барлық сол жақ рөлді армян автокөліктері 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін уақытша есепке тұра алады. Бұл ретте ол уақытша тіркеуге және нөмірді дайындағаны үшін небәрі 11 мың теңге ғана төлейді. Уақытша есепке алу бастапқы тіркеу, баж және кәдеге жарату үшін алым төлемей, машинаны толық тозғанша пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда, иеліктен шығаруға рұқсат жоқ немесе барлық алымдар мен төлемдерді толық өтеп, тұрақты есепке тұруға болады. Есепке алынғандардың барлығы армян нөмірлерін сақтауға тапсырады, бірақ елден шығарғысы келгенде оны кері алады. Уақытша есепте сары нөмір болады, бірақ аймақтың нөмірі 18 емес, техпаспорт иесінің тұрғылықты жерінің нөмірі көрсетіледі. Сонымен қатар, шет мемлекеттерге шығуда да, біреуге сенімхатпен беруде де еш кедергі болмайды, - деді ол.
Экономист кейбір адамдардың салықты екі мемлекетке бірдей төлейміз, деп шатасып жүргенін мәлімдеді.
Армян автокөлік иелерінің көпшілігі риза, тағы бір бөлігі «әлі де қандай да бір кедергі бар, кейін, тіпті уақытша есепте тұрса да барлық алымдарды төлеуге мәжбүрлейді, шет мемлекеттерге сатуға рұқсат етпейді және армян нөмірлерін қайтарып бермейді», деп ойлайды. Енді біреулер жаңа қаулыны қаңтар айындағы қаулымен шатастырып жүр. Сонымен қатар, салықты екі елге қатар төлейтін болдық, деп ойлайтындар бар. Шын мәнінде, армян автокөліктерінің иелері 2020 жылға арналған көлік салығын Арменияда, ал келер жылдан бастап Қазақстанда төлейтін болады, себебі жыл аяғында тиісті қаулы қабылдау жоспарлануда. Ал, оң жақ рөлді көліктер мәселесі бойынша үш шешім бар: рөлді ауыстырып қою және уақытша есепке тұру, шетелге сату немесе бөлшектеп сатуға қою, - дейді экономист.