Арнайы іс-шара кезінде Қазақстанға заңсыз келген 1,6 мың адам елден шығарылды - ҚР ІІІМ

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс уақытында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 17 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімдерімен елімізден 1 635 адам шығарылып жіберілді, оның ішінде 83 адам азаматтық сот өндірісі тәртібінде шығарылды. 

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 1 735 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іздестіруде жүрген  80 адам, оның ішінде алыс шетелдің  2 азаматы және ТМД-ның 5 азаматы ұсталды.


Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 187  қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.