Арнайы құралдар жұмыс істейтін болса онда кеншілер шахтада 5 сағатқа шыдайды - ТЖ басшысы

"Забойда жиналған газдың 100%-ы метан. Шахтерлердің "құтқару" құралдары бар, егер олар қосылса онда олар тағы да бес сағатқа шыдай алады ", - деді В. Божко.

Ол хабарлағанындай, апатты жағдайларды жою жұмыстарына тау-кен құтқарушыларының 9 бөлімшесі, Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл әрекет ету тобы, медициналық қызмет көрсету қызметінің екі бригадасы және "Арселор Миттал" көмір департаментінің бөлімшесі жұмылдырылды.

В. Божконың мәліметінше, шахтада 100 адам болған, ал газ метаны шыққан забойда 5 адам болған.

"Сағат сегізде шахтадан 95 адам сыртқа шығарылды, 5 адам забойда қалып, олар әлі табылмай отыр ", - деді министр.