Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің өз қызметкерлері үшін төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы 3,5 процентке көтерілді
Бұған дейін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңмен көтеруге шешім қабылданған болатын. 2024 жылы 1,5 процент болса, 2025 жылы қызметкер жалақысының 2,5 процентін құраған. Ал 2026 жыла жарна мөлшерлемесі 3,5 процент болады.
"Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылы және одан кейін туған азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуын жақсартуға бағытталған. Себебі бұл санаттағы азаматтардың ынтымақты зейнетақы алу үшін маңызы зор 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе мүлде аз", - дейді қор мамандары.
Айта кетері, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары салымшының жеке меншігі болып саналмайды және шартты зейнетақы шоттарында жиналып тұрады. Зейнетақы алушы шетелге тұрақты тұруға көшкен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. Мұндай жағдайда азамат тек өзінің жеке зейнетақы шотында жинақталған қаражатын ғана ала алады, ал жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да қалады.
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары 2027 жылы – 4,5 процентке, ал 2028 жылы 5 процентке дейін көтеріледі.