«Арнау» дуэтінің әншісі Салтанат Бақаева екінші ұлын өмірге әкелді

«Сүйінші, достар! Аллаxтың қалауымен Салтанат қыздарыңыз тағы бір қазақтың батырын дүниеге әкелді! Екінші мәрте ұлды болды! Есімін әлі қойған жоқ екен! Қазақтың білімді, парасатты, иманды ұрпақтары көбейе берсін! Отбасыңа береке тілеймін, Салтөш! Құтты болсын!» - деп жазды әнші.

Ал Салтанат Бақаева болса құттықтаушыларға алғысын білдіріп: «Жақсы тілектеріңізге рахмет! Екінші мәрте Алла біздің жанұямызға ұл сыйлады! Аллаға шүкір!» - деп жазды Инстаграм парақшасына.