«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова ыдыс-аяқ жуып, күн көріп жүр

Бір кездері болашағы зор деп үміт күткен Жанар Хамитова қазір қайда, не істеп жүр?

Оның жауабын КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасы анықтады. Белгілі болғандай Жанар ән айтуды әзірге қойған. бүгінде ыдыс-аяқ жуып күн көріп жүр. 10 жыл ішінде «Арнау» тобының бұрынғы әншісі адам сенгісіз талай жағдайды өткізген. Ол өзінің бастан кешкені жайлы аталған бағдарламада толық баяндап берді


Жанар бүгінде екі баланың анасы. Бірақ екі ұлын бұрынғы шетелдік күйеуінің қолына берген. Бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұратын ол жуық арады ән айтқысы келмейді екен.