Арқа төсінде Астана мен Назарбаевтың туған күні қатар тойлануда

-Мерекелеріңізбен! Сенбіден бері жаңбыр әлсін-әлсін төгіп тұрған Елордада сәл де болса күн ашық. Дегенмен тез құбылатын ауа-райы мерекелік көңіл күйге әсер етіп жатқан жоқ. Бірнеше күннен бері жалғасып жатқан думандардың ең қызығы бүгін өтуде. 6-шілдеде 17-ші туған күнін тойлап жатқан бас шаһар еліміздің №1 қаласына қалай айналды? Ендеше, тарихқа сәл көз жүгіртсек.

-Болашақта Ақмола Алматыдан кейінші саяси мәдени орталық болады.  Көрдің бе, күліп отыр...

Сол кезде Назарбаевтың бастамасына бәрі күлді. Тәуелсіздікке енді қол жеткізіп, экономика тоқырап жатқан заманда астананы көшіру туралы идеяны көпшіліктің  қолдай қоймағаны анық. Бірақ айтқанынан қайтпаған Елбасы 1994 жылы 6-шы шілде, яғни өз туған күнінде Жоғарғы кеңестен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруге келісім беруді сұрап келді. Мұның соңы бірнеше сағатқа созылған дауға ұласқан болатын. Қарсылық танытушылар соңында жібіп, Назарбаевтың туған күніне сыйлық болсын деп бас қаланы көшіру туралы құжатты заңмен бекітіп бергені бар.

Үлкен пікірталасқа ұласып, кейін қу тақыр жерден тұрғызылған Астананы қазір тану мүлдем мүмкін емес. Арада ондаған жылдар өткенде, Елорданы арқа төсіне көшіру тұтас мемлекеттің дамуы үшін ғана емес, геосаяси тұрғыда да дұрыс қабылдан шешім болғанын уақыттың өзі дәлелдеп беріп отыр. Бүгінде сәулеті мен дәулеті келіскен қала 900 мыңға жуық тұрғын шоғырланған ірі мегаполиске айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бас қаламыз жаһандағы танымал саяси мәдени рухани орта ретінде қалыптасты. Осының бәрі барша халықпен бірге мені де шынайы мақтаныш сезімге бөлейді. Бүгін 17 жасқа толған Елорда ел тағыдырымен еншілес меің өмірімінің мәнді де маңызды бөлшегі. Астана күнімен қатар келген мерейтойыма арналған ең қымбат сый қазақ халқының халқымның ыстық ықыласы көңілі.

6-шы шілде Астананың мерекесі ғана емес, қаладағы әр ғимараттың жобасын сызған, бейресми архитекторы атанған Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Бүгін 75 жасқа толған Елбасы өз туған күнін Елорда күнімен қатар тойлайды. Бұл жолы Назарбаевтың қос бірдей қуанышына Түркияның экс-басшысы Абдолла Гүл мен Қырғыз президенті Алмасбек Атамбаев ортақтасты. Мәртебелі меймандар туған күн иесін ортаға алып, Есілдің жағасындағы театрландырылған шоуды бірігіп тамашалады.

-Ал басты туған күн иесі Нұрсұлтан Назарбаев бүгін құттықтау қабылдап үлгере алмай  жатыр. Телефонмен айтылған ақ тілектердің айтпағанда, әлемнің түкпір-түкпірінен Ақордаға жеделхаттар әлі келіп түсуде. Ал осы сағаттарда думанның көрігі қыза бастады. Астанада таңнан басталған шаралардың ең ауқымдысы далада асылған қазан-қазан ет болды. Оның дәмін әріптесім Досжан Маратұлы татып көрді. Досжан, қазақтың ұлттық тағамының дәмі қалай болды?

Астанада пісірілген  ең үлкен етті жұрт таласа тармаса жеп қойды

-Рахмет, Ербол. Иә, еттің дәмі тіл үйіреді. Қазандардан шыққан керемет иісін де сезіп, қала тұрғындары мен меймандар осында көптеп жиналды.

Ұлттық тағам Гиннестің Рекордтар кітабына ену үшін салмағы 700 келі болуы керек. Ол үшін 40-қа жуық аспаз кешеден бері аяғынан тік тұрып жанталасып жатыр.


Рүстем Сапарғалиев, аспаз:

-Етті өзінің дәстүрлі рецепті бойынша әзірлеп жатырмыз. Оп-оңай болып көрінгенімен, жан-тәніңмен пісірген тамақ дәмді болады. Оның үстіне тоннаға жуық тағам әзірлеу қиынның қиыны.

Рекордқа тіркейтін шетелдіктер болса, әділ өтуі үшін барлығын жіті бақылап жүр. Ал, осы уақытта жиналғандардың бірі еттің пісуін тағатсыздана күтіп тұрса, екіншісі суретке түсіп, би билеп, ән тыңдады.

Артынан көп күттірмей  ет те дайын болды. Оны даяшылар гір орналастырылған мынадай тайқазанға салды - 736 келі. Бұл- рекорд.

-Әлемдік рекорд иесі – қазақтың ұлттық тағамы. Құтты  болсын ағайын.

Ұлттық тағам мойындалып, мақсат орындалған соң, барлығы еттен дәм татты. Оны әзірлеуге 3 жылқының еті кетіпті. Енді бір тәулік бойы дайындалған тайқазан толы етті тауысу, жиналғандардың тәбетіне байланысты.

Ақсұлу Әшкенқызы, Астана қаласының тұрғыны:

-Осындай ет беріп жатыр. Рахмет. Керемет құрмет көрсетіп жатыр халыққа.

Жалпы мереке күндері Астана аспаны ән-мен күйге бөленіп, 70-тен астам шара өтіп жатыр. Мәселен, аспаздар сайысы. Мұнда жұрт қаладағы ең қымбат мейрамханалардың тағамынан дәм татты. Сөйтіп, ең дәмдісін анықтап берді. Ал, мұнда 6 елден келген қонақтар түрлі батпырауық ұшырып, балғындардың көңілін көтерді. Әсіресе,ұшып жүрген ертегі кейіпкерлерінің бейнесі жұртты елең еткізді.

Роже Тесса Гонбаси,Франция азаматы:

-Қазақстанға алғашқы рет келдім.Осында досым тұрады. Сол осы мерекеге орай өтетен фестивальге шақырған болатын. Сіздерде батпырауық ұшыруға өте қолайлы екен. Жел сондай керемет. Өзім осындай шаралардың ұйымдастырушысымын.

Мерекелік шаралар ашық аспан астында ғана емес, тас қараңғыда да өтіп жатыр. Мұнда кілең сыйқыршылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік шаралардың тек бір сыпырасы ғана.

Астаналықтар мен қала меймандары үшін нағыз думан күн ұясына батқанда басталады. Өйткені барлығы асыға күткен Есілдің жағалауындағы лазерлі шоу міне қатарынан екі күн бойы жұртты тәнті қылуда. Бірнеше шақырымға созылған лезер, түрлі түсті бояулар көздің жауын алады. Осыны пайдаланған жұрт суретке түсіп уақытты тамаша өткізді. Бұрын соңды болмаған осындай мерекелік кеште тосын жайттер де болды. Астананың неше жасқа толғаны аспанда өрнектеліп, арты салютпен жалғасты.

-Осылайша қос бірдей айтулы датаға арналған мерекелік шаралар барлық сән салтанатымен өтіп жатыр. Әрі олардан қазақи нақыш пен ұлттық рух сезіледі. Ал дүркіреп өтіп жатқан той бүгінмен бітпейді, Астананың әр күні тарихтың жаңа бетін ашуда.

Loading...