Арқадағы ақбөкендер пастереллезден қырылған


Топ-тобымен өлген киіктердің санын бұған дейін 493 деп жариялаған Қоршаған ортаны қорғау министрлігі енді олардың нақты саны 800 басқа жеткен деп отыр. Айта өтейік, осыдан екі апта бұрын Қарағанды мен Ақмола облыстарында 483 бас ақбөкеннің өлекселері табылған. Ветеринарлар киіктерге қандай індеттің келгенін анықтау үшін арнайы комиссия  құрған болатын. 80 шақырым жерде сұлап жатқан жануарлардың өлексесін жинауға ондаған техника мен 70-ке тарта адам жұмылдырылыпты. Ал жануарлардың етіне жасалған сараптама олардың пастереллезге шалдыққанын көрсеткен.