Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
-Біз Шығыс Қазақстанның 20 мыңнан артық адамы бар Аягөзді де қос деп едік, бірақ Аягөзді кіргізген жоқ. Серебрянск, Курчатов кірді, 10 мың халқы бар. Дұрыс, кірсін! Қолдаймыз! Бірақ, сол моноқалаларда Шығыс Қазақстан облысында, Риддер, Зыряновск, Серебрянкс, Курчатов, сол моноқалалар тұрғындары бөлінген қаражаттың игілігін көріп жатыр ма? Меніңше жоқ.
Сондықтан, бұл бағдарламаны депутаттар шұғыл түрде «Өңірлерді дамыту бағдарламасына» қосу керек дейді. Әйтпесе, Арқалықты айтпағанда Үкімет тізімін бекіткен 27 моноқаланың бірде-бірі болашақта өмір сүруі неғайбыл екен. Тіпті, өзі де Қостанай өңірінде туып-өскен Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау моноқалақалар тізіміндегі Арқалықтың болашағына алаңдаулы. 8 жылдан соң өңірде боксит таусылып, қала жұртын жұмыспен қамтып отырған ENRC өз жұмысын тоқтатады. Биылдың өзінде шағын қалаларды дамытуға бюджеттен 48 миллиард теңге бөлінген. Бірақ сол қаржы да Арқалықты құтқарып қалуға жетпейін деп тұр.
Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:
- Арқалықтың жағдайы тым ауыр. Қала құраушы негізгі кәсіпорын қаладан кетеді. Негізгі мәселе - бокситтің сегіз жылға дейін жетуі. Ешқандай басқа амал жоқ: мекеме барлануы тиіс нәрсенің бәрін барлады.Арқалықтың негізгі кәсіпорны болмаса, оның өзінің де болу-болмауы - үлкен мәселе.Тіпті, өңірде теміржол құрылысын бастап, жол салайық дейді. Онымен де мәселе шешілгелі тұрған жоқ.