Тергеу барысында "Ж.Жамиловтың әскери комиссар болып тұрған тұста әскери комиссариат қызметкерлерінің санын асыра көрсетіп, жоқ адамдарды санатқа қосып қойғаны" анықталды.
Сонымен бірге атылмыш сот әскери комиссарды биылғы сәуір айында бас бостандығынан айырған болатын. Ол кезде комиссарға жоғалды деген өтірік сылтаумен қолдан жасалған уақытша әскери билеттер таратты деген айып тағылған. Соның салдарынан бұрындары әскер қатарында мүлдем болмаған адамдар әскерге барған атанып, сондай құжатқа ие болу арқылы ҚР Қарулы күштерінде борышын өтемеген адам ешқашан иемдене алмайтын лауазымдарға қонжиған.
Әскери прокурор Сағынтай Рашқалиевтің айтуынша, сот мәжілісінің барысында "Арқалық қаласының бұрынғы әскери комиссары жасаған қылмыстық эпизодтардың рекордты көрсеткішін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Ол жасаған 54 қылмыс дерегі әшкереленді.
Нәтижесінде сот Ж.Жамиловты 2,5 жылға бас бостандығынана айырды. Жаза мерзімі 18 айға кейінге шегерілді.