Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі несиені банкке төлеуге міндеттеді

"Қыздың анасы Халық банкінен жарты миллион теңге несие алған. Бірнеше айдың көлемінде қарызын жақсы жауып тұрған. Алайда кенеттен қайтыс болған. Банк 7 жастағы қызына мұрагерлік жолымен анасы алған қарызды төлеу талабымен Арқалық қалалық сотына шағымданған", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

"Арқалық қалалық сотының шешімімен қыз осы соманы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін төлеуі тиіс", - деп атап көрсетті облыстық соттың баспасөз қызметі.