Былтыр мамыр айында «Арқанкерген» бекетінде өлтірілген шекарашылардың отбасылары мен жақындарына 3,5 млн теңгеден өтемақы төленді.
«14 отбасының 13-іне 3,5 млн теңгеден өтемақы төленді», - деп бейсенбі күні ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.
Өтемақы ретінде төленіп отырған ақшаны баласының өлгенін мойындаудан бас тартқан Денис Рейдің анасы ғана алмаған.