Арқанкергендегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды


Бас әскери прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, 14 әріптесі мен бір қорықшыны өлтірді деп айыпталған Владислав Челахтың адвокаттары материалдармен танысуды 26-шы қазанда аяқтаған. Сондай-ақ қылмыстық іспен жәбірленуші тараптың өкілдері, яғни марқұмдардың туған-туыстары да танысыпты. Тек ДНК сараптамасы анықталмаған шекарашы Денис Рей мен Мейірхан Именовтің аналары өз құқықтарын пайдаланбаған. Айта өтейік, Владислав Челах қылмыстық кодекстің 9 бірдей бабы бойынша айыпталып жатыр. Алғашқы сот отырысы қараша айының соңына таман болады деп күтілуде. Ал процесс Челахтың өзінің сұрауы бойынша ашық өтеді және қылмыстық іс алқа билердің қатысуымен қаралмақшы.