«АрселлорМиттал Теміртаудағы» кәсіподақ ұйымдары жалақыны төмендетудің мәселесін прокуратура арқылы шешпек

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте  «ҚР Тау-кен металлургиясы еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Нұралин мәлім етті.

Оның сөзінше, құзырлы органдарға көмір өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағы мен металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы шағымданған. Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша тексеру шаралары жүруде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорынның қаржылық қиындықтарына байланысты шетелдік мамандардың жалақысын 50 пайызға, жергілікті қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға уақытша төмендеткен.