"Арселор Миттал" компаниясы Теміртау өндірісін дамыту және жаңарту концепциясын жасап шығарды

"Бұл концепцияны жүзеге асыру біздің Қазақстан алдында алан міндеттемелерімізді растайды. Оның нәтижесі ретінде металлургия және тау-кен өндірісі саласында әлемдік стандарттарды енгізу болмақ", - деді Л. Миттал.

Екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін таратылған баспасөз-релизінде хабарланғандай, болат өндірісін жылына 10 млн тонналық деңгейге жеткізуден бөлек бұл концепция металлургия комбинатының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмір мен темір кенінің өндірісін ұлғайтуды көздейді.

"Бұл концепцияны Нұрұлтан Назарбаев оң бағалады", - деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.