"Арселор Миттал" мемлекетке салық түрінде 100 млрд теңгеден аса берешек

""Оны Арселор Миттал"компаниясының жұмысын 2007 жылы ҚР қаржы министрлігімен бірлесіп тексерген облыстық салық комитетінің қызметкерлері анықтады", - деп түсіндірді Б. Оразғалиев.

Оның сөздері бойынша "Арселор Миттал" компаниясы тексеру қорытындыларымен келіспей ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді. Алайда сот олардың шағымдарын қанағаттандырмай, салық қызметінің төлемге берген есеп- қисабы дұрыс деп шешті.

Жуырда сот шешімі күшіне енуі керек болатын, алайда "Арселор Миттал" компаниясының заңгерлері аппеляциялық шағымын облыстық сотқа тапсырды.

Компанияның әрбір сотқа шағымдануы 500 млн теңгені құрайды.