«Арселор Миттал» прокуратураның талабын пысқырған жоқ

Компания басшылығы заң талабын бұзып отырған жоқпыз дейді. Өйткені жалақының 25 пайызы жұмыскерлерге әйтеуір қайтарылатынын айтып отыр. Өнімнің қазір құлдырап бара жатқан мұнай бағасына байлаулы екенін мәлімдеген бас директор, дәл қазір қусаң құмалақ түспейтін жағдайда екендерін жеткізді. Қазақстан, Ресей және Орта Азия нарығына бағытталған өнімге деген сұраныстың күрт төмендеуінен қаржылық қыспаққа бұлар да түскен. Сондықтан компания жұмысы тұралап қалмауы үшін 75 пайыздық жалақымен жан баға тұру уақыт талабы екен. Тілшілерді жинап қызыл тілге ерік берген Виджай Махадеван жер аяғы кеңіп, тіршілікке жан біткенше жағдайдың оңалмасын кесіп айтты.

Виджай Махадеван «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры:

-Өнімге деген сұраныс жыл мезгіліне де байланысты. Жаз шыға құрлыс жұмыстары басталса, ол біршама артады деген үміттеміз. Ал салынған айыппұл жөнінде заңгерлеріміз жұмыс істейтін болады. Біз заңды бұзып отырмыз деп санамаймыз.     

Loading...