"Шілденің 04-де "КЕГОК"АҚ-ның сыртқы желілерінде электр жалғастыру желілеріндегі кернеудің ауытқуларына байланысты "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның домна цехында №4 домна пешінің құбыры жарылу салдарынан газ құбыры мен ауа құбырына зақым келді. Ал үздіксіз болат құю цехының конверторлық цехында №1 және №2 машиналарында технологиялық апат болды", -делінген ТЖМ хабарламасында.
Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. "14 шілдедегі 06 сағат 30 минуттағы жағдаймен "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ында өзгерістер болған жоқ. №1 прокат цехында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалған барлық цехтар қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.