"Ұжымдық келісімшартқа сәйкес, әрбір қайтыс болған кеншінің жанұясына 10 жылдық жалақы бөлінеді. Оған қоса компания жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығындарды өз мойынына алады", - деп хабарлады компания өкілі.
"Сонымен қатар, бізде 14 зардап шегуші бар. Оларға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Содан кейін, олардың арасында мүгедектіктің екінші тобы анықталса, яғни, еңбек қабілетінің 80 пайызын жоғалту, онда оларға бес жылғы жалақылары төленбек", - деді В. Стельной.
Оның айтуынша, "Евразия" сақтандыру компаниясымен келісім жасалған. Қазіргі уақытта "18 жасқа дейінгі және егер ол студент болса, 23 жасқа дейінгі барлық асырауындағы жандарға сақтандыру төлемдерін төлеу үшін құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ, компания қайтыс болған адамдардың балаларының оқу төлемдерін төлеп беруге міндеттелді. Компания өкілінің айтуынша, 37 бала өз туыстарынан айрылған.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Берік Камалиев ең басты мәселе тұрғын үй мәселесі болатынын атап көрсетті. "Біз компаниядан егер тұрғын үй сатып алуға ақша бөлінетін болса, онда қазіргі нарықтық бағамен есептелуін талап ететін боламыз". Ол сонымен қатар, аталмыш балалар асыраушысынан айрылуы себепті жәрдемақы, ал зардап шегушілер мүгедектік зейнетақысын алатын болады.