Өйткені мемлекет «Арселорға» берешек 12 миллиард теңгенің 4 миллиардын ақпанның 15- сіне дейін қайтаратын болыпты. Қалғаны компания салықтық декларациясын тапсырғасын беріле бастайды екен. «Арселор» басшылығының айтуынша, осы айда болат саудасынан тірнектеп жиған қаражаттың бәрі жалақыға жұмсалған. Көктем шыға өнімге сұраныс арта бастаса мұндай қиындықты айналып өтуге болады деген сенім бар. Ал керісінше болып жатса, мәселені мемлекетпен бірігіп шешуге үміттеніп отыр.
Loading...