Естеріңізге салсақ, 17 қазанда өтемақыларын талап еткен регрессшілердің бірі ғимаратқа алып кірген жанармай толы құтыны жағып жіберген еді. 3 адамды сол кезде күйік шалған. Олардың бірі шалбарының түгі қалмай жанып кеткен Борис Рахметов деген осы азамат болатын. Іле-шала мүгедектердің мәселесін үкімет май шаммен қарап, берешекті 1 ай ішінде сақтандыру компаниясы төлейді деп қадап айтқан. Қазір алғашқы төлемдер беріле бастапты. Алайда денесінің 28 пайызы күйіп, кейін беті бері қараған Борис Рахметов ақыры аңсаған қаражатына қолы жетпей, кенеттен қаза болды.
Василий Мокренко, Қарағанды облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Өзіміз де түсінбей қалдық. Дем арада қысылды да нашарлап кетті. Қолдан келген барлық реаниматциялық шараларды жасадық. Мұндай жағдай негізі өкпе күре тамырындағы тромб жарылғанда болды.