Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Күрделі геосаяси ахуал, аймақтағы жалпы экономикалық даму қарқынының бәсеңдеуі, тауарды өткізетін рыноктардың сыртқы конъюктурасы қаржылық жағдайды қиындатып, компанияның есеп-шотында қолма-қол қаржы тапшылығын тудырды», - делінген хабарламада.
Соған байланысты, компания басшылығы компания қызметкерлерінің жалақысын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдады.
«Шетелдік мамандар жалақысының 50 пайызын алады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС болат және көмір департаменттерінің қызметкерлеріне қаңтар айына белгіленген айлық жалақының кем дегенде 75 пайызы төленеді», - делінген хабарламада.