«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы су тазартатын қондырғыны іске қосты

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа қондырғы техникалық суды Дст   деңгейінде тазартады.

«Кешендегі бірегей қондырғының посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ. Онда әлемдік танымал брендтердің заманауи сүзгі жүйелері қолдыналады. Қазақстанда тұңғыш рет биметалдан жасалып, екі жағынан әйнекпен қапталған аралық ыдыстар орнатылды. Соның арқасында ағылшын елінде жасалған кешенді жөндеместен 30 жыл пайдалануға болады», - дейді жоба менеджері Александр Лир.

Кешен сағатына 400 текше метр көлемінде тұзсыз су дайындай алады. Өндірісте Самарқан су қоймасындағы техникалық су қолданылмақ. Кешен суды дестиллят деңгейінде тазартып шығарады.


Жоба 18 айда іске асырылды.