Аршавин «Қайрат» құрамындағы алғашқы жаттығуын өткізді


Атап өту керек, бүгінде «Қайраттың» негізгі құрамының жартысы медициналық тексерістен өтті. Екінші жартысы жаттықты.  

Андрей Аршавин «Қайратпен» келісімшартқа қол қою үшін бүгін таңертең Алматыға ұшып келді.  Осыған дейін БАҚ келісім мерзімі 1 жылға жасалатындығын хабарлаған. Еске сала кетейік, 34 жастағы ойыншы өзара келісім арқылы «Кубаньмен» келісімшартын бұзған.