Арслан Әбдіхалықов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

А.Әбдіхалықов 1964 жылы туған, Павлодар облысының тумасы. Павлодар педагогикалық институтын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеген.