Фестивальдің ресми ашылуы 21 тамыз 15-00.
Ашылу бағдарламасында: Performance Молдақұл Нарымбетовтан, Performance Демеушіден, өзіндік әуен мен театралды нөмірлер, FlashMob, көптеген импровизациялар мен жарық "түстері".
Дәл осы күні сіздер Арбат жолаушылар кеңістігінде орналасқан скульптуралық инсталляциялармен таныса аласыздар.
Фестиваль барысында сіздер әр сенбіде сағат 15-00 -де түрлі шаралармен ашылатын Видеоарт, Фотоарт, Сурет пен графика, театр апталарын тамашалай аласыздар.
2 қазанда алматылық мейрамхана не клубтарының бірінде жабылуы болады.
Алматының ең әйгілі бульварында ашық аспан астында өтетін Заманауи Өнер Фестивалі Молдақұл Нарымбетов, Сәкен Нарынов, Георгий Трякин-Бухаров секілді мэтрлардың ғана өнерін жинап алмай, сонымен қатар жас скульпторлар мен суретшілердің де өнерін жинайды.
Бұл фестивальға "барам" деп бел буғандар "қызықтырар несі бар дейсің" деген елікпемен хош айтыссын. Сіздерді әдеттегідей емес, кейде таңдандырар, естен кетпес, кейде үрейлі бүгінгі суретші әлемімен кездесулер күтіп түр. Бірақ, қойылатын жұмыстардың ойы бір: бұл тіршілік қандай болғанымен, бәрібір біздің сүйіспеншілігіміз бен ықыласымызға ие. Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған Фестиваль біздің замандастарымыздың назарын қоршаған ортаны қорғау ісіне бұрады.