Артем Захаров Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшы Артем Захаров Олимпиада жолдамасына иелік етті. Әлемдегі үздік шабандоздар рейтингінде 18-рынға көтерілген ол ел намысын енді төрт жылдықтың басты бәсекесінде қорғайды. Мамандар еліміздің велоспорт тарихында бұл ең үлкен жетістік деп есептейді. Айта кетейік, Артем 2013 жылғы Азия чемпионатында топ жарып, әлем кубогында бірнеше рет жүлдегері атанған.