Бұл туралы әнші "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Мақпал ханым Мерейден алдын екі баласының шетінеп кеткенін қинала жеткізді.
- Екі бала менде шетінеп кетті. Бала асырап алайын деп жүрген едік. Сол кезде келінім екі қыз туған. Үшіншісін де қыз туды. Соны Зәкең пайдаланып, екі қызық бар ғой. Үшіншісін бізге берсе қайтеді деді. Мен бермейтін шығар дегенмін. Сонда бірден Зәкең бірден ұшып кетті. Баланы алдына барып, сұрады. Олар да мені ойлап, Мақпал да бақытты болсын деп, шешем де, келінім де келісіміндерін берді. Зәкең менімен ақылдасапай, роддомнан алып шығып, тегін берді. Мен Мерейге Зәкеңді әкең деп үйреттім. Сол ырымдағанымыздай, Мерейден кейін келінім екі ұл баланы дүниеге әкелді, дейді Мақпал ханым.