Арықтарға қоқыс тастайтын алматылықтарға айыппұл салынады

985 тонна қоқыс пен лай шығарылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 28-30 наурыз аралығында Алматы қаласында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтілуде.

Бүгінгі күні қаланың коммуналдық қызметтерінің күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмыстары жүргізілді. 27 наурыздағы жағдай бойынша, 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желілері тазаланған, деп хабарлайды Caravan.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мың қап құм дайындалған. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. 

Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз.

ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қосымша хабарлаймыз, бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.