Бұған дейін әлеуметтік желіде әлдекімдердің 5 жасар қызды зорлады деген адамды балағаттаған видеосы және түрлі жазбалар тараған еді, деп хабарлайды. Caravan.kz медиа порталы. Тіпті қыздың кеңірдегі жырылып, ауруханада жатқаны айтылған.
Ал Polisia.kz-тің хабарлауынша Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
"21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ", делінген
полиция таратқан ақпаратта,
Loading...