Арыстағы халыққа көмектескім келеді. Бірақ, Ресейдегі концертіме ұшқалы тұрмын - Қайрат Нұртас

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Қайрат желідегі парақшасында Арыстықтар үшін жүрегі ауырып былай деп жазды:

"Бүгінгі Арыс еліндегі жағдай жүрегімді ауыртқаны өтірік емес... Сөзбен емес, іспен көмектескім келеді... Дүйім жұртқа жарияламай көмек бергім келеді... Қолым қысқа болып жете алмай жатырмын. 3 ай бұрын жоспарланған Ресейдегі концертіме ұшқалы тұрмын. "Қолым қысқа" деп соны айтып отырмын. Көпшілік түсінбей қалған сияқты. Жүрегіммен Арыстамын. Арысымау Құдай жар болсын!".

Халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі Қайратты қараласа, енді бірі қолдау танытты.