Арыстағы жарылысқа байланысты өңірлерде арнайы желілер құрылуда

Түркістан облысының Арыс қаласындағы жаралысқа орай еліміздің бірқатар өңірінде «шұғыл желілер» ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Түркістан облысының Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде орын алған өртке байланысты Шығыс Қазақстан облысында 8(7232)55-38-19 нөмірі бойынша «шұғыл желі» құрылды. Әскери қоймадан шыққан жарылыс өртке ұласқан», - делінген Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Дәл осындай ақпараттар Шымкент және Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен де келді. Алматы қаласы бойынша жедел желі телефоны -8 (727) 278-20-83, 278-20-84. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша осындай желі ашылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі зардап шеккендердің жоқ екендігін айтты.