Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті

Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан кейін он алты адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов хабарлады.

Түркістан облысында медициналық штаб құрылып, әрқайсысы 100 адамға арналған екі госпиталь жасалды. Хирург, реаниматолог, травматолог дәрігерлер адамдарды қабылдауға әзір.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелерге жеңіл және орта дәрежедегі жарақат алған 16 адам түскен. Оның біреуі – әскери қызметкер. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп жазды Қалқаманов өзінің 
Facebook
-тегі парақшасында.