“Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды

Әскери қызметкерлері саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге қатысы бар болып шыққан “Арыстан” арнаулы бөлімшесіне қатысты қабылданған шаралар туралы журналист сауалына жауап берген А.Шабдарбаевтың айтуынша, “маман таңдау ісін ұйымдастыруда жіберілген күрделі қателіктер мен кемшіліктерді, сондай-ақ, комитеттің маман таңдау департаментінің басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын ескере отырып, бірқатар нақты шаралар қолданылды”. “Қазіргі жағдаймен “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер аттестациялау нәтижесінде қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды. “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің жетекшісі болып басқарушы қызметкерлер резервінде болған, оперативтік және маман таңдау істері бойынша ауқымды тәжірибе жинақтаған офицер тағайындалды”,- деді ҚР ҰҚК-нің төрағасы осы орайда “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің жаңа жетекшісінің аты-жөнін атамай.

Сонымен бірге А.Шабдарбаевтың айтуынша, “қызмет барысындағы әскери тәртіпке қатысты мәселелер қатаң бақылауға алынды. Ішкі қауіпсіздік қызметі нығайтылып, онда да жаңа басшы тағайындалды. ҰҚК органдарының қызметкерлерін аттестациялау тәртіптері күшейтілді. Бұл іске жүрді-барды қарауға тыйым салынды”,- деді комитет төрағасы.