Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры болды

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ол 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.


Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігін 5 жылдай басқарған Мұхамедиұлы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.