Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.
"Үш науқастың біреуі - Шымкентте, екіншісі - Алматыда, үшіншісі Нұр-Сұлтанда жатыр. Екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар жоспарлы түрде ем қабылдап жатыр. Әрине, оңалу уақытының ұзақтығы алынған ауыр жарақаттарға байланысты. Өкінішке орай, сегіз жасар баланың жағдайы үлкен қауіп төндіріп тұр. Оны Нұр-Сұлтанға алып келгелі бері көптеген кеңес беру жұмыстарын жүргіздік. Арнайы шақыртуымен Ресейден мамандар келді. Біздің білікті нейрохирургтарымыз баланы өз бақылауына алды, өкінішке орай оң өзгерістер орын алған жоқ. Оның жағдайы өте ауыр" — деді Біртанов.
Ведомство басқармасы дәрігерлер қолдан келетін көмекті көрсетіп жатқанын айтты. Біртанов күн сайын баланың жағдайынан хабардар болып тұрады екен.