Ас ішер алдында:
Бізге жеткен хабар бойынша Аллаһтың Елшісі,салла Аллаһу алейһи уа сәлләм айтты:
"Тамаққа қол созбас бұрын сендерден әрқайсысыларың "Бисмилләһ" (Аллаһтың атымен) деп айтсын, егер оны басында айтуды ұмытсаңдар :
Бисмиилләһи фи әууәлиһи уә ахириһи.
"Әуелде де, соңында да Аллаһтың атымен", -деңдер
Ас ішіп болғанда:
Әлхамду лилләһил ләзи атғамәни һәзә уә рәзәқәниһи мин ғайри хаулим минни уә лә қуәһ.
"Мені осымен тамақтандырған, маған осыдан үлес берген Аллаһқа мадақ! Менде күш те жоқ, қуат та жоқ"