«Мен спорттық мансабымды аяқтағалы жүрмін, әрі кетсе бір-екі кездесу өткізетін шығармын», - деді Кличко бейсенбі күні ТВі телеарнасының эфирінде.
«Ағайынды Кличколардың қолғап түйістіруін үзбей тамашалайтындарға айтарым, уайымдамаңыздар, Владимир менен бес жас кіші, сіздерді қызықты жекпе-жегімен әлі талай қуантатын болады», - деген 40 жасар Виталий Кличконың сөзін мысалға келтірді «Взгляд» басылымы.
Ағайынды Кличколардың үлкені кәсіпқой шаршы алаңда 45 кездесу өткізді. Жеңген 43 кездесуінің 40-ын ол уақытынан бұрын аяқтаған болатын, ал қалған екеуінде (алған жарақаты салдарынан) жеңіліс тапты.
Ағайынды Кличколар әлем чемпионының барлық беделді бес белдігін таққан: Владимир төрт нұсқа, атап айтқанда: IBF, WBA, WBO және IBO - бойынша чемпион болып табылады, ал Виталий - WBC нұсқауы бойынша әлем чемпионы.