"Асар" мен "Отан" алдағы сайлауда Назарбаевты қолдау үшін халықтық коалиция құрмақшы

"Қазіргі мемлекет басшысының саясатын қолдайтын, конструктивтік сипаттағы ұстанымға бағынатын барлық саяси партиялар үшін жеке басының амбициясы мен ұсақ-түйек өкпе-наразылықтарын кейінге ысырып, жеңіске жету үшін күш біріктіретін сын сағаты туды",- деп мәлімдеді "Асар" төрайымы Дариға Назарбаева.
"Біз партиялардың құрылтайында қазіргі президентті қолдау үшін Халықтық коалицияны бірлесіп құру мәселесін қарау туралы ортақ пікірге келдік. Менімше, бұл - уақытын тапқан бастама және бұл мәселені біздің ертеңгі сьезге шығаруымыз да дер кезінде жасалған қадам",- деді Б.Жұмағұлов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикалық "Отан" партиясының құрылтайы ертең, 9-қыркүйекте Алматыда өтеді. Ал "Асар" республикалық партиясының құрылтайы 14-қыркүйекке белгіленген.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті