"Асар" өкілдері таяу күндері партияға қарсы астыртын ұрындыруға бағытталған әрекеттер ұйымдастырылуы мүмкін деген ақпараттан құлағдар болды

"Асар" өкілдері тікелей дауыс беретін күні және заң бойынша үгіт-насихат жұмыстарының кез-келген түріне тыйым салынған дәл дауыс беру қарсаңында "партия туралы үгіт таратып, үнпарақтар үлестіріп, мәлімдеме жасап, сайлаушыларға арнап үндеу жариялайтындарға" сенбеуге шақырады. "Асар" партиясының басшылығы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзбайтынын ресми түрде мәлімдейді.