"Асар" партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді

"Партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамынан Рерих пен Копытинді шығарудың өзіндік себептері бар. Өйткені, партияның саяси кеңесі жұмысшы орган болып саналады, онда нышандық генералдарға орын жоқ. Рерихтың саяси кеңес құрамынан шығуына жеке басына қатысты жағдай әсер етсе, Копытин - Қазақстанның Футбол одағының мүшесі болғандықтан, негізгі жұмыс орнында қолы босамайды",- деді партия жетекшісі.

Сьезд саяси кеңестің жаңа мүшелері етіп мәжіліс депутаты Вера Сухорукованы, "Қостанай жаңалықтары" газетінің бас редакторы Сергей Харченконы, заңгер - "Асар" республикалық партиясы төрайымының орынбасары Серік Нұғмановты, Ауған соғысы мен жергілікті соғыс ардагерлерінің республикалық комитеті төралқасының мүшесі Мұрат Қалматаевты, ұйғыр мәдени орталығының жетекшісі - "БеНТ" АҚ-ның президенті Дильмұрат Күзиевті сайлады.