"Асар" партиясы билікке немесе оппозицияға жақпайтын БАҚ-тарды "жүгендеуге" бағытталған әрекеттерге қарсылық білдіреді

"Қазақстан журналистерінің конгрессі кейінгі кездері жиілеп кеткен осындай келеңсіз тәжірибемен тайсалмай күресетін болады. Мейлі бастама қай жақтан болмасын, бітімсіз күрес басталады",- деді Д.Назарбаева. "Баспасөзді сіздікі, біздікі деп жікке бөлуді доғаратын мерзім жетті. Журналистердің жұмысын бағалаудың бір ғана өлшемі бар, ол - кәсіби шеберлік және жауапкершілік",- деп мәлімдеді "Асар" партиясының төрайымы.