Бұған дейін “Асар” партиясы өзімен ұқсас идеологиялық ұстанымдағы саяси күштермен бірігуге дайын екенін мәлімдеген болатын. “Біз билікті нығайту және күшейе түсу үшін, еліміздің лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа нақты демеу-таяныш болу үшін, сондай-ақ, Қазақстанның барлық азаматтары үшін жырғаулы өмірді қамтамасыз ету үшін бірігуге тиіспіз”,- деді Д.Назарбаева. “Бірігу арқылы біз елімізде көп жылдар бойы билік құратын қуатты саяси күшке айналамыз. Мұндай партиямен таяудағы 50 жылда ешбір басқа күш бәсекелесе алмайды. Біз осындай мақсатты алға қоюға тиіспіз”,- деді ол.