"Асар" партиясының лидері осы жолғы сайлау алдындағы науқан барысында бұрынғыдай "лас технологияларды" пайдалану доғарылмай отырғанын атап өтті

Сұхбат барысында Р.Берри осы жолғы сайлау алдындағы науқан кезінде "лас технологияларды" пайдалану доғарылмай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Елші ұйым бақылаушыларының сайлау науқанын, соның ішінде халықтың саяси белсенділігі мен дауыс беру барысын, БАҚ-тардың сайлау туралы ақпарат тарату жұмысын және дауыс санау барысын жіті қадағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, миссия жетекшісінің айтуынша, бұл жолғы сайлаудың бір ерекшелігі сол , биыл Қазақстанда тұңғыш рет электронды дауыс беру жүйесі қолданылады, сол себепті сайлаушылардың жаңалыққа деген сенімін сақтап қалудың маңызы аса зор.

Ал Д.Назарбаева өз кезегінде "Асар" партиясы сайлауға тұңғыш рет қатысқалы отырғанын, мәжіліс депутаттығынан үміткерлер сайлау алдындағы додаға белсенділікпен кіріскенін, сол себепті республикада заң талаптары сақталуының маңызын ерекше атады. "Асар" партиясының төрайымы депутаттықтан үміткерлер арасындағы сайлау алдындағы күрес әділ болуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, өз сөзінде елімізде сайлау қарсаңындағы алашапқын кезінде "лас технологияларды қолданудан" бас тартылмай отырғанын тілге тиек етті.