"Біздің ұсыныстарымыздың тағдыры комиссияның мәртебесіне тікелей байланысты. Сол себепті ұлттық комиссия - кәсіби комиссия болуы тиіс",- деді Д.Назарбаева. "Жұмыс барысында біз ұсыныстарымызды атқарушы және өкілетті билікпен келісуге тиіспіз. Осыған байланысты комиссия олармен арадағы байланысты қалай құратындығын ойластырып алуы қажет".
"Асар" партиясы төрайымының пайымдауынша, "комиссия барлық жұмыс бағыттары бойынша қоғамдық пікірге міндетті түрде белсенді мониторинг жүргізуі тиіс", сондай-ақ, "жекелеген мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибе мен отандық заңнамаларды талдау ісімен айналысуы қажет". Сол себепті, Д.Назарбаеваның пікірінше, комиссияның іс-қызмет принциптерін талқылауда "оған қатысушылар аппараты туралы принциптік сауал алдан шығады".
"Біз тек саяси іс-қызметке ғана емес, сонымен бірге адам құқықтарына қатысты заңдарды да сараптауға тиіспіз",- дейді ол. "Бүгінде мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынастарды ізгіліктендіру туралы ұдайы айтып отыратынына қарамастан, мемлекет аясында полиция мен күш құрылымдарының ролі күшейе түскендей сезім туындайды",- деді Д.Назарбаева.
Сондай-ақ, "Асар" партиясының төрайымы Ұлттық комиссия тарапынан қабылданған барлық шешімдер туралы мемлекеттік БАҚ-тарда міндетті түрде жариялап отыру туралы ұсыныс білдірді.